Қазақстан
1 мин оқу 973

Қазақстан-Түркия арасындағы сауда көлемі артты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Түркия Республикасының Вице-Президенті Ф. Октай Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Ф. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

«Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен  ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады», деді Ә. Смайылов.

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $3,74 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 млрд инвестиция салды, ҚР-ның Түркияға салған инвестиция көлемі $1,1 млрд құрады. 

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Бөлісу:
Қазақстан-Түркия арасындағы сауда көлемі артты · Egemen Qazaqstan