Аймақтар
1 мин оқу 330
Алматы комендатурасы 18 қаңтардағы жағдайды мәлімдеді
<p style="text-align: justify;">Алматы комендатурасының баспасөз қызметі қала бойынша 18 қаңтардағы жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Жедел мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде 147 күдікті ұсталған. Терроризмге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз шеруге, тонауға және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 748 адам құрықталды.
Барлығы 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
Кейінгі тәулікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына жедел әрекет етуді талап еткен азаматтардан 41 хабарлама түскен. Барлық хабарлама тексерілген.
Бөлісу:
