Алматыдағы тәртіпсіздік: банкоматтардан жарты миллиард теңге ұрланған
<p style="text-align: justify;">2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілі айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ведомство мәліметінше, 18 қаңтардағы жағдай бойынша алдын ала есеп қорытындылары ғана белгілі. Бұл кейбір банктер мен ұйымдар тоналған нысандарға кіре алмайтынына байланысты болып отыр. Онда полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
«Бүлікшілер мен тонаушылар банктерге келтірген шығынның алдын ала мөлшері 4,1 миллиард теңге болады. Бұл сома залалдың толық құнын көрсетпейді, өйткені кейбір банктер залалды алдын ала бағалауға ұсына алмайды. Себебі олар сол нысандарда жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты кеңселерге кіре алмайды», деді агенттік өкілі.
