Медицина
1 мин оқу 236

Pfizer-дің тағы 1 млн дозасы сатып алынады

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer вакцинасының қолжетімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Pfizer-дің тағы 1 млн дозасы сатып алынады

«Біріншіден, Pfizer қазір қолжетімді. 4 млн дозадан астам Pfizer екпесін сатып алдық. Қазір вакцинаның бұл түрі қолжетімді адамдардың нақты санаты бар. Олар: 12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін ескерсек, 60-тан асқан адамдарға да мүмкіндік бердік. Бұл ел халқының 1 миллионнан астам адамы деген сөз. Сондықтан Pfizer қолжетімділігі нақты бар. Басқа да вакцина түрлері бар екенін ешкім ұмытпау керек. Екпенің қолжетімділігі туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұдан басқа қосымша 1 млн доза сатып аламыз», деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол аталмыш вакцинаны ақылы сегментке шығару мүмкіндігіне тоқталды.

«Ақылы Pfizer вакцинасы туралы мәселе ылғи көтеріліп жүр. Бірнеше рет жауап бердік деп ойлаймын. Pfizer-ді ақылы сатпау туралы шешім қабылданған. Сондықтан Pfizer вакцинасы нақты санаттар үшін қазір қолжетімді. 60-тан асқандарға бөлеміз дедік қой. Соның орнын толтыру үшін сәуір айына қарай тағы 1 млн дозасын алғызамыз», деді Ералы Тоғжанов.

Бөлісу:
Pfizer-дің тағы 1 млн дозасы сатып алынады · Egemen Qazaqstan