Жарнама
 
Оқиға
1 мин оқу 686

Алматыда ұялы телефондар орталығын тонағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда ұялы телефон орталығын тонағандар ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері 22 телефон ұрлаған төрт адамды ұстады. Оларды «Әйгерім-2» шағынауданындағы жалдамалы тұрғын үйде ұстады.

Ұсталғандар ішінде ең үлкені 29 жаста, ал кішісі 24 жаста. Олар - Алматы облысының тұрғындары. 6 қаңтарға қараған түні қылмыстық топ ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркалы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.

Бөлісу:
Алматыда ұялы телефондар орталығын тонағандар ұсталды · Egemen Qazaqstan