Медицина
1 мин оқу 255

Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына &laquo;Спутник Лайт&raquo; вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Спутник Лайт» вакцинасы, ревакцинациялауға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Вакцина биылғы 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.

Ревакцинациялау вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – бұл векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градустан сақтау режимде сақталады.

Алматыда ревакцинацияға арналған келесі вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт.

Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады.

Бөлісу:
Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді · Egemen Qazaqstan