Қазақстан
1 мин оқу 335
ҰҚК жасырын есірткі зертханасын анықтады
<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 20 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «М» деген азаматшаны ұстап, УҰИ-ға қамады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 2 кг «мефедрон» психотроптық заты, прекурсорлардың ірі партиясы, зертханалық жабдық пен химиялық қорғау құралдары алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
Бөлісу:
