Махачевқа нағыз қысым көрсететін адам менмін – Бенеил Дариуш
<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген Бенеил Дариуш өзінің кезекті қарсыласы, ресейлік шебер Ислам Махачев туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> championat.com-ға сілтеме жасап. </p>

«Турасын айтсақ, оған шын мәнінде қатты қысым көрсеткен ешқандай спортшыны көрген жоқпын. Оның бұрынғы қарсыластары жекпе-жекке жан-жақты дайын болмағаны анық деген ойдамын. Сондықтан олар Исламға лайықты қарсылас бола алмады. Онымен тік тұрып төбелессең, сені жерге алып ұрады. Ислам күрестің қыр-сырын мықтап меңгерген. Сондықтан джиу-джитсу тәсілдері де өтпейді. Ал мен шайқасқа барлық жағынан әзірмін. Сол себепті Ислам Махачевке шын мәніндегі қысымды көрсететін жалғыз спортшы болса, ол – менмін», дейді Дариуш.
