Қоғам
1 мин оқу 380
«Самұрық-Қазына» қоры шетелдегі төрт өкілдігін жабады
<p style="text-align: justify;">«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрт елдегі өкілдігін жабады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>
Қордың Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиевтің айтуынша, сөз төрт қала туралы - Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеу.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды.
Бөлісу:
