Ғылым
1 мин оқу 305

Оралдық ғалымдар халықаралық грант ұтты

<p style="text-align: justify;">Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграр&shy;лық-техникалық универ&shy;ситетінің қос ғалымы &laquo;Бо&shy;&shy;лашақ&raquo; халық&shy;ара&shy;лық стипен&shy;диясының &laquo;Тағы&shy;лымдама&raquo; бағдарламасы грантын ұтып алды.</p>

Оралдық ғалымдар халықаралық грант ұтты

Енді олар өз мамандығы бойынша Ресей мен Беларусь елдеріндегі іргелі жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтеді.

Университеттегі Сынау орта­лы­ғының ғылыми қызмет­кері, ауыл шаруашылығы ғы­лымдарының магистрі Айнұр Харжау «Болашақ» халықаралық стипендиясының грантын ие­ленді. Жас ғалым енді осы грант­тық қолдаудың көмегімен К.А.Тимирязев атындағы Мәс­кеу ауылшаруашылық академиясында «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша 6 ай көлемінде ғылыми тағылым­дама­дан өтеді.

Халықаралық стипендияның грантына ие болған тағы бір ғалым – Индустриалды-техно­логиялық институты доцентінің міндетін атқарушы, PhD доктор Ербол Ербаев. Ербол Төле­генұлы Беларусь мемлекеттік аграрлық-техникалық универ­­си­тетінде «Ауыл шаруа­шы­лығын энергиямен қам­тамасыз ету» мамандығы бойынша 6 ай та­ғылымдамадан өтіп, тәжірибесін толықтырмақ.

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Оралдық ғалымдар халықаралық грант ұтты · Egemen Qazaqstan