Қоғам
1 мин оқу 2,671

1149 адам қамаудан босатылды – Бас прокуратура

<p style="text-align: justify;">Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысы жөніндегі жаңа ақпараттарды жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алынған 1149 адам босатылды, сондай-ақ 4584 адамға ескерту жасалды. 577 адамға салынған айыппұл ескертулерге ауыстырылды. 393 қылмыстық іске тергеу жүргізіліп, құқықбұзушылық деректері байқалмағандықтан босатылды. Осылайша сот пен әкімшілік қамауға алынған 3314 адамның ішінен тек 63-і қамауда.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», деді  Елдос Қилымжанов.

Бөлісу:
1149 адам қамаудан босатылды – Бас прокуратура · Egemen Qazaqstan