Әлем
1 мин оқу 323
Рада депутаттары парламент ғимаратынан эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Украина Жоғарғы Радасының депутаттары кәсіпкерлердің митингісіне байланысты парламент ғимаратынан эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ukraina.ru порталына сілтеме жасап.</p>

Іс-шараны «savefop» қозғалысы ұйымдастырды (FOP-жеке тұлға-кәсіпкер), олардың талабы міндетті кассалық аппараттарды енгізу және карантиндік шаралармен байланысты болды. Наразылық білдірушілер Раданың ғимаратын басып кіруге шешім қабылдады. Алайда оларды құқық қорғау органдарының қызметкерлері өткізбеді.
БАҚ-тың хабарлауынша, ғимарат ішіндегі барлық депутаттар жер асты жолы арқылы эвакуацияланған. Парламентте тек журналистер мен полиция қызметкерлері қалған.
Бөлісу:
