Қысқы спорт
1 мин оқу 634

Ертең Қазақстан құрамасы Бейжіңге аттанады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">2022 жылғы Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы ертең, яғни 27 қаңтар күні аттанады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, қазіргі таңда қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады.

Ал шетелдерде оқу-жаттығу жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге сол өздері тұрған елден төте ұшып барады.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спортттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен жүлделі орындарға таласады.

Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталып, 16 ақпанда мәресіне жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бөлісу:
Ертең Қазақстан құрамасы Бейжіңге аттанады · Egemen Qazaqstan