Мектепті 4 жылдан артық басқарған директорлар орнын ауыстырады
<p style="text-align: justify;">Биыл ел бойынша мыңнан астам мектеп директоры ротацияланады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

«Биыл директорлардың ротациясы басталады. Алдыңғы жылы заңнаманы қабылдап, бекіттік. Енді биыл нақты мыңнан астам директор ротацияға ілінеді», деді Асхат Аймағамбетов.
Ротацияның ережелері төмендегідей:
Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеген басшылар ротацияланады.
Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.
Алайда егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.
Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:
– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармалары жүзеге асырады;
– ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі;
– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді.
– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
