Қазақстан
1 мин оқу 141

Пәтер иелерінің жиналысын өткізуге болады

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойын&shy;ша еліміздегі көп пәтерлі үйлердің 75%-да жай серіктестік және меншік иелерінің бірлестігі құрылды. Енді E-gov порталында электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен пәтер иелерінің жиналысын өткізуге және үйді басқару нысанына қатысты дауыс беруге болады.</p>

Пәтер иелерінің жиналысын өткізуге болады

Бүгінгі таңда Қазақстанда 34 933 үй басқарудың жаңа түріне көшті. Оның ішінде 2 852 үйде мүлік иелерінің бір­лестігі (МИБ), 32 081 үйде жай серіктестік құ­рылды. Бұл – елдегі көп пәтерлі тұрғын үй қорының 75%-нан астамы.

Басқарудың жаңа нысандарына көшкен көп пәтерлі үйлер саны Ал­маты қаласында (3 523), Шығыс Қа­зақ­стан (2 789), Ақмола (2 523) және Қостанай (2 451) облыстарында көп.

Естеріңізге сала кетейік, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында жұмыс істеп келе жатқан пәтер иелерінің кооперативтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қызмет ете алады. Осы мерзімнен кейін олар акт бойынша барлық техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды үй кеңестеріне бе­ріп, заңнамада айқындалған тәртіп­пен таратылуға тиіс.

МИБ-ке көшу рәсімін жеделдету үшін E-Gov порталында жаңа нысанды тіркей отырып, электронды дауыс беру қызметі іске қосылған.

Авторландыру ЭЦҚ көмегімен жүр­­гізіледі. Онда автоматты түрде тір­­кеуден өтуге, «меншік иесі» мәрте­бе­сін растауға және өз үйі бойынша дауыс беруге бастама көтеруге бола­ды. Жиналыстың күн тәртібін айқын­дағаннан кейін меншік иелері жина­лысқа сілтеме бойынша кіріп, таңдауын жасап, ЭЦҚ-мен қол қояды.

Үйді басқарудың жаңа формалары туралы zhkh.kz порталынан толығырақ білуге болады. Ал тақырыпқа қатысты сұрақ­тарыңызды suraqtar.kz сайтында қоя аласыздар.

Бөлісу: