Аймақтар
1 мин оқу 250
Алматыда «Ashyq» жобасына қойылатын шектеулер алынды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова қол қойған жаңа қаулыда жазылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс уақыты белгіленбейді.
- мектепке дейінгі ұйымдарда;
- жалпы білім беретін мектептерде қоса алғанда 600 оқушыға дейін;
- бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық сыныптардағы 5-6 сыныптар);
- саны 600-ден аса оқушысы бар мектептерде - мектептердің жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемесі бар мектептерде;
- мектептен тыс ұйымдарда;
- колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика - кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер - онлайн.
- білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинаның толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға рұқсат беріледі.
Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты келесі ережелер белгіленеді:
- егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспаса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны құжат түрінде расталса, үй карантиніне оқшауланбайды;
- 7-ші күні COVID-19-ға ПТР арқылы тексеріледі, ПТР теріс нәтиже көрсетсе, үй карантині аяқталады.
Бөлісу:
