Спорт
1 мин оқу 414

Шавкат Рахмонов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді

<p style="text-align: justify;">5 ақпан күні қазақстандық Шавкат Рахмонов (14-0) UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Ш.Рахмонов Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 200 турнирде гайандық Карлстон Харриспен (17-4) кездеседі. Бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі.

Қазақстандық спортшы ең ірі ММА-промоушнға алғаш рет 2020 жылдың қазанында қадам басты. Ол кезде бірінші раундта-ақ бразилиялық Алекс Оливейраны (22-11-1) жеңді. Одан кейін 2021 жылғы маусымда Рахмонов Бразилияның тағы бір спортшысы – Мишел Празеристі (26-4) екінші раундта жықты.

Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді · Egemen Qazaqstan