Спорт
1 мин оқу 391

Күміс жүлдеге ие болды

<p style="text-align: justify;">Аустрияның Инсбрук қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық конькиші Алина Дауранова күміс жүлдегер атанды.</p>

Күміс жүлдеге ие болды

Жарыстың кезекті күнінде жас спортшылар 1000 метр қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық спортшы Алина Дауранова тиісті қашықтықты 1:20.59 уақытта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті.

Аталған санат бойынша жапониялық Юкино Юшида топ жарды. Нидерландтық Джейд Гроневуд үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:
Күміс жүлдеге ие болды · Egemen Qazaqstan