Қазақстан
1 мин оқу 354

Сыртқы істер министрі ТМҰ Бас хатшысымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымымен ынтымақтастығы мәселелері және ұйымның күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Министр Ыстанбұлдағы Түркі кеңесінің 8-ші саммитінде қабылданған шешімдерді және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында Түркі инвестициялық қорын құру және орналастыру жөніндегі бастамасын тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-сапар барысында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин және ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыханмен екіжақты кездесулері жоспарланған.

Бөлісу:
Сыртқы істер министрі ТМҰ Бас хатшысымен кездесті · Egemen Qazaqstan