Қоғам
1 мин оқу 590

Шенеунік әдепсіз мінез-құлқы үшін жұмыстан босатылды

<p style="text-align: justify;">Әдепсіз мінез-құлқы үшін табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы&nbsp; Абай Балабеков қызметінен босатылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шенеунік әдепсіз мінез-құлқы үшін жұмыстан босатылды

Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы 26-қаңтарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында СҚО бойынша ТМРК-ның аумақтық департаментінің басшысы Абай Клименович Балабековтың әдепсіз мінез-құлқы қаралып, онда оны жұмыстан босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Осылайша, дискомиссияның ұсынымы негізінде, Ұлттық экономика министрлігінің Аппарат басшысының 2022-жылғы 31-қаңтардағы бұйрығымен Абай Балабеков ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Шенеунік әдепсіз мінез-құлқы үшін жұмыстан босатылды · Egemen Qazaqstan