Футбол
1 мин оқу 233
Футзалдан жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды
<p style="text-align: justify;">Футзалдан 2022-жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға шыққан құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Енді жартылай финалда Португалия мен Испания, Ресей мен Украина шеберлік байқасады. 1-ақпанда Ресей Грузияны 3:1, Испания Словакияны 5:1 есебімен тізе бүктірді. Одан бұрын 31-қаңтарда Украина Қазақстаннан 4:2, Португалия Финляндиядан 3:2 есебімен басым түскен еді.
Жартылай финал ойындары 4-ақпанға белгіленген. Ал 6-ақпанда финал және 3-орын үшін ойындар болады.
Еуропа чемпионаты 1996-жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.
Бөлісу:
