Жетісу әлі «қызыл аймақта»
<p style="text-align: justify;">Жұқ­палы індеттің таралуы Жетісу жерінде де азаймай отыр. Өткен тәулік аралы­ғын­да өңірде 273 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыс әлі де «қы­зыл аймақта».</p>

Індеттің таралуы адамы көп орталықтарда жиі байқалған. Мысалға, бір тәулікте ауырғандардың саны Талдықорған қаласында 78 жағдайға жетсе, Алматы қаласы маңындағы Талғар ауданында – 30, Қарасай ауданында – 21, Іле ауданында – 18, Еңбекшіқазақ ауданында 16 науқасқа дейін көбейіп отыр. Сондай-ақ Ұйғыр ауданында – 15, Қаратал және Сарқан аудандарында – 14, Көксу ауданында – 13, Панфилов және Жамбыл аудандарында – 12 жағдайдан, Текелі қаласында – 11, Ескелді ауданында – 8, Балқаш ауданында – 5, Кербұлақ ауданында және Қапшағай қаласында 3 науқасқа медициналық көмек көрсетіліпті.
Жалпы, өңірде 1 146 адам стационарлық ем қабылдауда, ал 17 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде бір тәулікте ауруханаларға 135 адам түскен. Ауруханалардағы төсектік орындар саны
2 780 болса, қазір 41,2 пайызға толған. Мұнан бөлек облыс дәргерлері бір тәулікте 278 науқасты емдеп шығарған екен.
Аймақта коронавирусқа қарсы вакцина алушылар саны да өсіп келеді. Екпенің 1-компонентін алғандар саны 939 657 адамға жетті. Ал екінші рет егілгендердің қатарында 865 566 тұрғын бар екен. Ал 150 мың адам ревакциналаудан өткен көрінеді.
Алматы облысы
