Қазақстанда былтыр 111 миллион тонна көмір өндірілді
<p style="text-align: justify;">Еліміздің көмір өндіруші кәсіпорындары көмір концентратын есептемегенде өткен жылы 111,7 млн тонна көмір өндірді. 2020-жылмен салыстырғанда өсім 2% құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Энергия өндіруші кәсіпорындарға 59,3 млн тонна (2020-жылмен салыстырғанда +0,8%), өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,8 млн тонна (+21,4%) жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,7 млн тонна тиелді. Бұл арғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,9% көп.
ҚР ИИДМ жылу беру маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2021-2022-жылдарға арнап коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірге қажеттілік жоспарын құрды.
