Оқиға
1 мин оқу 583

200 млн теңгеден айырылған жігіт лоторея клубын өртеп жіберді

<p style="text-align: justify;">Бейнеу тұрғыны лоторея клубын өртеп, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол ойын клубын өртемес бұрын іштегі адамдарды сыртқа шығарған.

- Мен террорист емеспін, адамдарды өлтірмеймін, - деді ол.

Оқиға туралы Бейнеу ауданы ІІБ 102-ПБ кезекшісінің пультіне сағат 11:00 шамасында қоңырау түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды ұстады.

Бейнеу аудандық полиция бөлімінің мәлімдеуінше, 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубын қалай өртеп жіберетіні туралы видео таратқанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
200 млн теңгеден айырылған жігіт лоторея клубын өртеп жіберді · Egemen Qazaqstan