Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді
<p style="text-align: justify;">4 ақпанда Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстанда бұл шараның тікелей трансляциясын үш телеарна – «Хабар», «Qazsport» және «Qazaqstan» ұйымдастырады.
Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады. Қазақстанның ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова ту ұстайды.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 109 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Бұл жарыстарға Қазақстан құрамасы 34 спортшымен қатысуда. Отандық спортшылар Олимпиаданы 3 ақпанда бастады. Алғашқы болып фристайлшылар шықты. Ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ешқайсысы бірінші әрекетте финалға шыға алмады (екінші іріктеу 5 және 6 ақпанда өтеді).
