Сирияда 6 бала ажал құшты

ЮНИСЕФ растаған мәліметтерге сәйкес, кеше түнде Сирияның солтүстік-батысында басталған зорлық-зомбылық салдарынан алты бала қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық директоры міндетін атқарушы Бертранд Бенвелдің айтуынша, өткен түнде Сирияның солтүстік-батысында, атап айтқанда шекаралас Атмех қаласында кең ауқымды қарулы қақтығыс болды.
БҰҰ мәліметінше, халық тығыз орналасқан аймақтарға зақым келген.
«Жыл басынан бері көмекке зәру 1,2 миллион бала тұратын солтүстік-батыс Идлиб провинциясы мен оның маңындағы аудандарда зорлық-зомбылық айтарлықтай өршіп кетті», деді ЮНИСЕФ өкілі.
Сирияның осы бөлігіндегі көптеген отбасылар зорлық-зомбылықтан құтылу үшін аталған ауданға қоныс аударған көрінеді.