Бейжіңдегі келіссөз: Путин мен Си Цзиньпин не туралы сөйлесті?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Kremlin.ru ақпараты бойынша Си Цзиньпин Пекин мен Мәскеу арасындағы саяси және стратегиялық өзара сенім «күшейе түсуде» деген пікір білдірді.
Владимир Путин Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынас екіжақты қатынастарды дамытудың жақсы үлгісі екенін, олар бұрын-соңды болмаған сипат алып,екі ел бір-бірінің дамуына көмектесетінін атап өтті.
Ресей мен Қытай Қиыр Шығыстан газ жеткізуге жаңа келісімшарт жасасты. Шартқа сәйкес жеткізу көлемі жылына 10 млрд текше метрді құрайды.
Сондай-ақ, ресейлік мұнайшылар Қытайға көмірсутектерді жеткізу бойынша жаңа келісімдер дайындады.
Кездесу барысында құжаттарға қол қойылды.
