Аймақтар
1 мин оқу 250

Орал базарында ірі өрт шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Орал базарының азық-түлік және құрылыс материалдары бар бутиктері өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жергілікті басылым хабарлағандай, өрт 6 ақпанда сағат 12:45-те С.Датов көшесі, 41А мекен-жайы бойынша болған.

«Өрттің жалпы ауданы 145 шаршы метрді құрады. Базардағы бес бутик өртенді, тағы жеті бутиктің шатыры зақымданды. Алдын ала себеп – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу», деп түсіндірді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 13:30-да ауыздықталып, 13:48-де толықтай сөндірілді. Оқиға орнында 40 өрт сөндіруші мен сегіз техника жұмыс істеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Орал базарында ірі өрт шықты · Egemen Qazaqstan