Өнер
2 мин оқу 720

Мөлт еткен махаббат

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.3pt;">Өмірде алғашқы қадам&shy;дардың бәрі сәттілікке бастай бермейді. Әйтсе де адам санасында сол адым мәңгілік сақ&shy;&shy;талып қалатыны қы&shy;зық. Жазушының тұң&shy;ғыш шы&shy;ғарма&shy;сын&shy;дай, ақын&shy;ның ал&shy;ғаш&shy;қы өле&shy;ңіндей&hellip; Ал&shy;&shy;бырт сезімнің жұ&shy;па&shy;ры аңқып тұрады. Құд&shy;ды бозбаланың ай ас&shy;&shy;тындағы алғашқы сүйісі секілді&hellip; </span></p>

Мөлт еткен махаббат

«Сені сүю – әлемге маң­дайдан нұр тарату», дейді белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкім. Шынымен асқақ сезімнің аясында күннің өзі көлеңкелейтіндей, тіпті ғашық жан алапат өртті бір тамшы сумен өшіруге қау­қарлы. Теңіздің арғы бетіне қайықсыз құлаш сермегендей жаныңызды жасампаз жігер билейді. Сол әсердің әуеніне еліткен атыраулық жас суретші Рафаэль Сле­кенов «Алғашқы сүю» картинасын жазады. Бұл оның қырмызы гүлге толы мың бояулы әлемі.

Қылқалам шебері өз картиналарын жапондық мультиинструменталист Ки­тароның медитациялық музыкасына бойлай отырып жазып, идеяларын жетілдіреді екен. Содан да болар оның ойлау кеңістігі өзгеше. Мә­селен, ол өз стилін «джаз кес­кіндеме» немесе «авангард» деп атайды. Бұдан қа­зақ бейнелеу өнеріндегі жас буын өкілдерінің картина жазудағы еркіндігі, қылқалам ұстаудағы шебер­лігі, әрқайсысының өзіндік пікірі қалыптасып келе жат­қанын байқауға болады. Әсі­ресе тақырып таңдаудағы же­тіс­тігі орасан.

Жас суреткер бұрынғы кеңестік кезеңнің канондарынан бас тартып, заманға сай тәуелсіз тақырыптарға барып, жаңа бағытқа бет бұрды. Бұл үрдіс қазақ өне­рінің рухани ерекшелігін жоғалтпай, қайта өнердің қайталанбас пластикалық тілін қалыптастырды. Сен­бесеңіз, автордың шы­ғар­ма­шылығына үңілсеңіз болады. Біз мысалға алған туындыда шығыс сурет өнеріне тән детальдар кез­деседі.

Гүлзар бақ ішінде бұрала билеген қос ғашықтың айналасы толған раушан гүлі. Ақ пен қызыл түстердің өзара байланысы, көк түспен шекараласып шығарманың ин­терьерін байытып тұр. Бұл бояулар жастық шақтың асаулығын, тазалығын сипаттайды. Бозбала мен бой­жеткеннің мөлт еткен ма­хаб­батынан жаралған ком­по­зиция көңіл елітіп қана қоймай, жүрекке жылу ұя­латады.

Бөлісу:
Мөлт еткен махаббат · Egemen Qazaqstan