Жекпе-жек
1 мин оқу 394
UFC чемпионы Камару Усманға ота жасалды
<p style="text-align: justify;">Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы Камару Усман қолына ота жасатты. Бұл туралы ұйымның жетекшісі Дана Уайт твиттер арқылы ақпарат таратты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Әлемнің үздік спортшысы Камару Усман бүгін қолына ота жасатты. Тезірек жазылып, қатарға қосылатыныңызға сенімдімін! Жолыққанша, чемпион», деп жазды Дана Уайт өз парақшасында.
Бұған дейін Дана Уайт Камару Усман келесі жекпе-жегінде ямайкалық Леон Эдвардспен кездесетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ ол Усман мен Ян Блахович арасындағы шайқасты ұйымдастырғысы келетінін де жеткізген еді.
Бөлісу:
