Аймақтар
1 мин оқу 4,180

Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия құрылды

<p style="text-align: justify;">Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша облыстық комиссия жұмысқа кірісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен 8 ақпанда Жаңаөзенде мұнай-газ саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа, жұмыссыз азаматтар да кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты - бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі тарапқа оңтайлы шешім шығару. 

Бөлісу:
Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия құрылды · Egemen Qazaqstan