Қазақстан
1 мин оқу 340

Көкшетауда Калашников автоматтары шығарыла бастайды

<p style="text-align: justify;">ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылға жоспарланған перспективалық қорғаныс жобалары туралы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2022 жылы отандық қорғаныс кәсіпорындары келесі жобалар бойынша жұмысты бастауды жоспарлап отыр:

  • «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру;
  • «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС базасында Airbus ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құру;
  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру;
  • «Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» және «Милитарм» ЖШС базасында радиациялық және химиялық қорғау құралдарын өндіру;
  • «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту;
  • «Steelmanufacturing» ЖШС базасында автоматты оқ-дәрілер өндірісі;
  • «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС базасында «Барыс 8х8» броньды дөңгелекті машиналар өндірісі;
  • «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісі.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті. Мемлекет басшысы бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жарақтандырылуын жаңарту, қару-жарақ паркін толықтыру және басқалары бар.

Бөлісу:
Көкшетауда Калашников автоматтары шығарыла бастайды · Egemen Qazaqstan