Блогер Конор Макгрегорды Ирландияда жеңетініне сенімді
<p style="text-align: justify;">Белгілі ютуб-блогер Джейк Пол аралас жекпе-жек шебері, екі салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегормен Ирландияда кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> championat.com-ға сілтеме жасап.</p>

«Мен Конормен кәсіпқой бокс ережесі бойынша Ирландияда жұдырықтасатын боламын. Басты мақсатым Конорды жеңу болғандықтан да бокспен шұғылдануды қолға алдым. Өз басым Конор Макгрегорды жеңетініме бек сенімдімін», деді блогер BJPenn-ге берген сұхбатында.
Өткен жылдың желтоқсан айында UFC-дің бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлимен екінші рет шаршы алаңда кездескен ол қарсыласын алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Жалпы блогер бүгінгі күнге дейін бес рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық жекпе-жегінде қарсыластарынан айласын асырды.
