Қысқы спорт
1 мин оқу 270
Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекші жартылай финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шорт-трекистердің 1500 метр қашықтықта ширек финалдық жарысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстан намысын Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша қорғады. Ғалиахметов 2:11.83 уақыт көрсетіп, екінші орын алды - бұл оған жарыстың жартылай финалына шығу үшін жеткілікті болды.
Никиша болса, мұз үстінде құлап, жарыстан шеттетілді.
Жартылай финалдық жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 18:29-да басталады.
Айта кетсек, бүгін шорт-тректе Қазақстан сапынан Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта біліктілікте өнер көрсетеді.
Бөлісу:
