Жекпе-жек
1 мин оқу 761

Менеджер Рахмонов-Чимаев жекпе-жегі туралы пікірін білдірді

<p style="text-align: justify;">UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының барлығын жедел жеңген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов болашақта ұйымдастырылуы мүмкін Шавқат Рахмонов пен Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жек туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Fightnews.info-ға сілтеме жасап.</p>

Менеджер Рахмонов-Чимаев жекпе-жегі туралы пікірін білдірді

«Бүгінгі күні Шавқатты Хамзат Чимаевпен теңестіріп жатқаны бізді қуантады. Бұл қазақстандық спортшының танымалдылығы артып келе жатқанын аңғарта түссе керек. Рас, қазір Хамзат хайптың арқасында қатты танылған. Ол жағынан жоғары тұр. Тіпті бір кездесуден кейін әлем чемпионы атағына таласуы да әбден мүмкін. Ал жанкүйерлердің Рахмонов пен Чимаев кездесуін тамашалауға асығып жүргені жөн. Бірақ бәрі уақытымен болады. Фанаттардың бәрі осы шайқасты талқыға салған кезде ұйымдастырылса, одан екі спортшы да ұтылмайды», дейді менеджер.

Бөлісу:
Менеджер Рахмонов-Чимаев жекпе-жегі туралы пікірін білдірді · Egemen Qazaqstan