Аймақтар
1 мин оқу 340

Бекіреге белгі қойды

<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласын көркейту &ndash; күн тәртібіндегі мәселе. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтары көп серуендейтін теңіз жағалауынан әртүрлі нысандар ашу жұмыстары жүр&shy;гізіліп келеді. Жуырда демеушілік қаражат есебінен жеке кәсіпкер MasterMind командасының күшімен жағалауға &laquo;Бекіре&raquo; кіші архитектуралық нысаны орнатылды.</p>

Бекіреге белгі қойды

Нысанның ұзындығы 13 метрді, биіктігі 1,9 метрді құ­райды. Бекіренің жақ­тауы металдан, сыртқы бөлігі өз технологиясына сәйкес арма­тураланған шыны матаны қолдана отырып жасалған. Дизайн полиэфир шайырымен қорғалған, көркем кескіндеме майлы бояумен жасалған және арнайы лакпен қорғалған.

Теңіз жағалауына бекіре инсталляциясының идея авторлары орналас­тырылу себебін бұл балық тү­рінің дүние жүзіндегі жал­пы көлемінің 80%-дан астамы ХХ ғасырдың бірінші жартысында Каспий аумағын мекендегендігімен түсіндіреді. Қазір бұл түр шек­тен тыс өнеркәсіптік ау­лау салдарынан жойылу алдында тұр. 2001 жылы Каспий алабындағы төрт ел – Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Түрікменстан бекіре тұ­қымдас балықтарды аулау­ға уақытша мораторий қа­былдады. Мораторий Бірік­кен Ұлттар Ұйымының ұсы­нымымен жойылу қаупі төн­ген түрлердің халықаралық саудасы туралы Конвенция негізінде енгізілген.

Көптүсті мүсін нақышында жасалған және көркем кес­кіндемемен безендірілген бұл инсталляция бірегей жануарлар әлеміне қамқорлықпен қараудың маңыздылығының нышаны ретінде орнатылды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Бекіреге белгі қойды · Egemen Qazaqstan