Әлем
1 мин оқу 460

Оңтүстік Кореядағы зауытта жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">11 ақпанда Оңтүстік Кореяның Йосу қаласында мұнай-химия зауытында болған жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тағы төрт жұмысшы жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды. 

Жарылыс ел астанасы Сеулден 320 шақырым жерде орналасқан Yeochun NCC Co зауытында жергілікті уақыт бойынша сағат 9:26-да болған.

Өрт сөндірушілер жарылыс зауыттың жылу алмасу жүйесін сынақтан өткізу кезінде болды деп болжайды. Қазір тәртіп сақшылары жарылыстың нақты себебін анықтауда.

Бөлісу:
Оңтүстік Кореядағы зауытта жарылыс болды · Egemen Qazaqstan