Аймақтар
1 мин оқу 270
Алматы облысында жол жабылды
<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» және «Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан» автожолдарындағы қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«12 ақпан күні сағат 18:30-дан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, нөлдік көріну, қатты боран) «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында (84-184 км), сондай-ақ «Алматы-Өскемен - Қапал-Арасан» (0-45 км) облыстық маңызы бар автожолында қозғалыс тоқтатылды», деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:

