Білім
2 мин оқу 185

ІТ жүйесінде білімдерін жетілдірді

<p style="text-align: justify;">Қазақ ұлттық қыздар педа&shy;го&shy;гикалық университетінің сту&shy;дент&shy;&shy;тері академиялық ұтқыр&shy;лық бағ&shy;дарламасы ая&shy;сында Рига тех&shy;никалық универси&shy;т&shy;етінің Ақпа&shy;рат&shy;тық жүйе&shy;лер менеджменті жоға&shy;ры мектебінде білімдерін жетіл&shy;дір&shy;ді. Физика, математика және цифрлық технология&shy;лар инст&shy;итутының білім алушылары бір семестр көлемінде еуропалық білім беру стандартына негізделген оқу жүйесімен та&shy;нысуға мүмкіндік алды.</p>

ІТ жүйесінде білімдерін жетілдірді

Биылғы оқу жылында Қазақ ұлт­тық қыздар педагогикалық уни­вер­ситетінің 17 білім алушысы ака­де­мия­­лық ұт­қыр­лық және қос дип­лом­ды білім беру бағдарламалары бойынша шетелдің іргелі жоғары оқу орындарында білім­дерін жетіл­дір­ді. Атап айтқанда, «Ин­фор­матика» мамандығы бойынша білім алатын студенттер Латвияның Менеджмент және ақпараттық жү­йе­лер Жоғары мек­тебінде, «Шетел тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» ма­ман­дықтары бо­йынша білім алатын студенттер мен магистранттар Поль­шаның Силез Университетінде, «Химия», «Биология», «География» ма­ман­дық­тары бойынша білім алатын сту­дент­тер Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінде ака­де­мия­лық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша білік­тілігін жетілдірмек.

Қазіргі таңда университетте ше­тел­дік жоғары оқу орындары­мен 70-тен астам халықаралық шарт жа­салған. Академиялық ұтқырлық бағ­дар­ламасын іске асыру мақсатында әлемнің 9 жоғары оқу орнымен келісім орнатылған. Олардың қатарында АҚШ, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Поль­ша, Оңтүстік Корея, Ресей сынды ел­дердегі жетекші университеттер бар. Университет интернационаландыру­ды дамыту мақсатында АҚШ-тың Мис­сисипи алқабының мемлекеттік уни­верситетімен, Польшаның Силез университетімен және Ресейдің Томск политехникалық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асырып отыр.

– Академиялық ұтқырлық бағдар­ла­масы студенттер үшін үлкен тәжірибе алаңы. Осы бағдарлама арқылы ше­тел­дік білім жүйесімен, өзге ұлттың мә­дениетімен танысуға, өмірге деген көзқарасымызды жақсарта түсуге мүм­кін­дік туды. Ең бастысы, еліміздегі білім жүйесіне жаңа көзқарастар, жаңа идеялар алып келдік деп ойлаймын. Университетіме осындай мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, – дейді «6B01506-Информатика» мамандығының 3-курс студенті Аружан Естөре.

АЛМАТЫ

Бөлісу: