Тағайындау
2 мин оқу 1,241

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Әсем Нүсіпова жаңа лауазымға ие болды. Енді ол Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды», делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент қызметінен бастады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы болып тағайындалды, 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі, (қоса атқару бойынша) Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы ұйымдастыру-сараптама тобының кеңесшісі, сондай-ақ 2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Премьер-Министр кеңесшілері тобының жетекшісі болды.

2006 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болған.

2007 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарып, кейіннен 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

2016-2019 жылдар аралығында Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымында, соңғы атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы ақпанға дейін).

Бөлісу:
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды · Egemen Qazaqstan