Айгүл Шайымова жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Айгүл Шайымова ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://akorda.kz/ru/rasporyazheniem-glavy-gosudarstva-shaimova-aygul-amantaevna-naznachena-zamestitelem-predsedatelya-agentstva-po-strategicheskomu-planirovaniyu-i-reformam-respubliki-kazahstan-1614534" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Айгүл Амантайқызы Шайымова 1979 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
* Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті. (1999)
* Қаржы полициясы академиясы (2004)
Еңбек өтілі:
* ҚР Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыстар басқармасының аса маңызды істер жөніндегі кіші инспекторы, инспекторы, аға инспекторы (2000-2002);
* ҚР Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы (2002-2004);
* ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005);
* ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары (2005-2011);
* ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі (2011-2012);
* ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі-ҚР Бас Прокуроры Аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасы Стратегиялық талдау орталығының басшысы (2012-2013);
* ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары (2013-2014);
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы (15.10.2014-11.01.2016);
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері Вице-министрі (11.01.2016-09.2016);
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2016-07.2019);
* Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі (07.2019-01.2022)
