Экономика
1 мин оқу 630

Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді

<p style="text-align: justify;">Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo; телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды.

Бақыт Сұлтанов  «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы»  және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды.

Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды. Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.

Бөлісу:
Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді · Egemen Qazaqstan