Аймақтар
1 мин оқу 395
Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп, ҚР заңнамалық актілерінің нормаларына қайшы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағының аумағында орналасқан майнингтік ферманы анықтады.
«Тергеу сотының санкциясымен тінту жүргізу барысында алты контейнерден майнингтік ферма табылды, онда сандық криптовалюта өндірісіне арналған шифрлаушы кешені бар 700-ден астам жабдық табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», делінген агенттік хабарламасында.
Бөлісу:

