Аймақтар
1 мин оқу 475

Қар құрсауынан 12 адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қар құрсауынан 12 адам құтқарылды

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 ақпан күні түсте Шыңғырлау ауданы аумағында болды. Сағат 12.58-де Ақтау ауылы маңында үш автокөлік батып, қар құрсауынан шыға алмаған.

Оқиға орнына №23 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері мен қатар «Ернар» шаруа қожалығынан 2 адам 1 техникамен  барып, қолұшын созды. Адамдар мен үш автокөлік Шыңғырлау ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. 12 адам құтқарылса, соның жетеуі – балалар.

Бөлісу:
Қар құрсауынан 12 адам құтқарылды · Egemen Qazaqstan