Қазақстан
2 мин оқу 831

Әр азамат үшін әділ және тең мүмкіндіктер болуға тиіс

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Qazaqstan&raquo; телеарнасына өте дұрыс уақытта сұхбат берді. Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін пайда болған көптеген сұраққа жауап берді. Қазір көп нәрсе түсінікті болды.</p>

Әр азамат үшін әділ және тең мүмкіндіктер болуға тиіс

Президент, менің ойымша, болған оқиғалардан толық қорытынды жасап, маңызды мәселелерді қозғады.

Менің ойымша, бұл ашық әңгіме – халыққа бұдан да ма­ңызды мәлімдемелердің басы.

Ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеар­насының журналисімен сұхба­тындағы үш негізгі тақырыпты атап өткім келеді.

Президент Қазақстан ҰҚШҰ-ның бізге көрсеткен кө­мегі үшін ешкімге және еш­нәр­сеге міндетті емес екенін ерек­ше атап өтті. Барлығы ортақ мүд­­де үшін жасалды.

Мен өзім жақында ғана ҚСЗИ директоры болып таға­йын­­далдым. Бұған дейін 4 жыл Ресей Федерациясында дип­­ломат болып қызмет еттім. Сон­дық­тан біздің елдері­міз ара­сындағы әуелден келе жатқан бейбіт қарым-қатынастар туралы жақсы білемін. 

Осы сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев біздің елдері­міз арасында ешқашан түсініс­пеушілік болмағанын және болмайтынын айтты. Біз барлық деңгейде бауырлас халықпыз деп айта аламыз. Мен мұны өзім де растаймын. Бұл бос сөз­дер емес. Бұл – шындық. Жалпы, шекара шегенделген, делими­­тацияланған, демаркация­ланған.

Мемлекет басшысы атап өт­кен­дей, бізде Ресеймен еш­қан­дай шекара, жер мәселе­лері мен проблема жоқ. Бізде болашаққа қатысты үлкен жоспарлар бар.

Президенттің маған ұнаған тағы бір ойы – біз қаңтардағы оқиғалардан маңызды сабақ алуы­мыз керек. Қазір тергеу жү­ріп жатыр, мамандар, бедел­ді заң­герлер жұмыс істеп жатыр.

Менің ойымша, қазір асығыс қорытынды жасауға, сонымен қатар жалған ақпарат тарату­ға, адамдарды қызықтыруға бол­май­ды. Президент Қ.Тоқаев­ қоғамның жоғары сені­­міне ие және ол жасанды емес, сондықтан теріс пиғыл­дылар­дың ойы іске аспайды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қаңтар айындағы оқи­ға­лар жөніндегі тергеуде еш­кім­ге өз бетінше әрекет етуге жол бе­ріл­­мейтінін атап өтті. Ше­шім­дер қабылдау кезінде ашық­тық, ай­қын­­дық және әділдік болуға тиіс.

Үшінші маңызды мәселе – Жаңа Қазақстанның келбеті тура­лы айтылды. Президент бізде бірте-бірте күрделі реформалар болатынын нақты айтты. Ел алдында үлкен міндеттер тұр. Қазақстан – біздің Отанымыз. Бізде басқа Отан жоқ, біз оның іргесін бірге қалаймыз.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Жаңа Қазақстан – экономикасы дамыған, құқықтық тұрғыда әділ және күшті мемлекет. Онда әр азамат үшін әділ және тең мүмкіндіктер болады.

 

Еркін ТҰҚЫМОВ,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты

Бөлісу:
Әр азамат үшін әділ және тең мүмкіндіктер болуға тиіс · Egemen Qazaqstan