Хоккей
1 мин оқу 172
«Барыс» бүгін «Спартак» командасымен жолдастық кездесу өткізеді
<p style="text-align: justify;">Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Спартак» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аталған ойын Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында болады. Басталуы - елорда уақытымен 16:00. Кездесу жанкүйерсіз өткізіледі.
Бұдан кейін қазақстандық клубты Ресей астанасында мәскеулік «Динамоға» қарсы екі ойын күтіп тұр.
Аталған кездесулер 22 және 24 ақпанға белгіленген. Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.
Бөлісу:
