Қазақстан
1 мин оқу 1,630

Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына сәйкес қызметіндегі әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов ұсталды · Egemen Qazaqstan