Ауа райы
1 мин оқу 240

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады. Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді - қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? · Egemen Qazaqstan