Елорда тұрғындарының 67 пайыздан астамы екпе алды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды жаппай вакцинациялау және ревакцинациялау эпидемиологиялық жағдай бойынша елорданың «жасыл аймаққа» көшуіне ықпал еткенін айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазір қала бойынша бірінші компонентпен 508 мыңнан астам адам вакцинацияланды, иммундаудың толық курсынан 67,1%-ы өтті, бұл – 478 мыңға жуық қала тұрғыны. Елордада 86 мыңға жуық азамат қайта вакцинацияланды», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Басқарма басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің Pfizer-ді тегін алатындардың тізімін қайта қарауы қала тұрғындарының екпе алуға деген ынтасын едәуір арттырғанын да атап өтті.
