Қоғам
2 мин оқу 1,970

Ең ұзын сарбаз

<p style="text-align: justify;">Отанды қорғау &ndash; баршаның міндеті. Соңғы кезде бозбалалар Қарулы Күштер қатарына баруға ынта танытып отыр. Соның бірі &ndash; тараздық Никита Шевин.</p>

Ең ұзын сарбаз

Алайда оның әскерге бару арманы бірден орындала қойған жоқ. Мұның мынадай себебі бар. Бозбаланың бойы – 1 метр 99 сантиметр. Аяғына 47 өлшемді етік киеді.

– Тараз қаласындағы темір­жол колледжінде арнайы орта білім алдым. Колледжде оқып жүргенде әскерге бару туралы ойлана бастадым. Былтырғы жазда әскерге шақыру пунктіне келдім. Бірақ мені әскерге ала қоймады. Себебі сол кездегі сал­мағым – 140 келі. Бұл әскерге баруыма кедергі болды. Сөйтіп, оқуымды жалғастыра бердім, –дейді Никита Шевин. 

Әскерге бару үшін артық сал­мақтан арылуды мақсат етіпті. Мақ­сатына қол жеткізу үшін жат­­тығуды бастаған. Бірне­ше айдан кейін 20 келіден ас­тамға арықтаған. Былтырғы желтоқ­санда әскерге шақырылды. Қа­зір әскери борышын мұнайлы ша­һар – Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның  №5546 әскери бөлімінде атқарып жүр.

– Менің бойым да, салмағым да мектептегі кезімде тез өсті. Әскери бөлімдегі  алғашқы күн­­дер өте қызықты өтті. Мұн­да бәрі маған көңіл аударып, бо­йым мен салмағым туралы  қы­зы­ғушылық танытты. Бұл Та­­раздан жолаушылар пойызына мініп, Атырауға келе жат­қанда басталды. Мені­мен алдымен №5546 әскери бө­­лім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс­тар жөніндегі орынбасары, под­полковник Байрам Әлиев сөй­лесіп, өмірлік мақсатым туралы сұрады. Әңгіме арасында сал­мағым мен бойыма қатысты сауал өрбіді. Салмағым 120 келі деп жа­уап бердім, –дейді ең ұзын сар­баз. 

Енді Никита Шевин салма­ғының шамамен 90 келіге дейін төмендейтініне үмітті болып отыр.

Атырау облысы

Бөлісу:
Ең ұзын сарбаз · Egemen Qazaqstan